Таяу Шығыстағы қақтығыс. Иран АҚШ-қа 14 тармақтан тұратын бейбіт жоспар ұсынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/w5WSxWzCt4uk3Na3CGiuIoJSwv2LgwSpnNfvljbK.jpg

Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған 14 тармақтан тұратын жаңа бейбіт жоспарды АҚШ-қа жолдады. Бұл туралы  DW жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес құжат бұған дейін америкалық тарап ұсынған бастамаға жауап ретінде әзірленген.

Тегеранның талаптары қатарында – шабуыл жасамауға кепілдік беру, америкалық әскерді шығару, блокада мен санкцияларды алып тастау, сондай-ақ активтерді босатып, өтемақы төлеу мәселелері бар. Сонымен қатар, Иран өңірдегі әскери іс-қимылды тоқтатуды және Ормуз бұғазының жұмыс істеу тәртібін қайта қарауды талап етеді.

Вашингтон бұл құжатты алғанын растады. Дональд Трамп ұсыныстарды қарастыратынын айтқанымен, олардың қабылдануына күмән келтірді.

相关新闻

评论
相关新闻