Астанада иттер арасында халықаралық сұлулық байқауы өтеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KnWpqgmNx845ICfbPBsAUzRVf5iGMmId5OKRWB1B.jpg

Фото:kaganmedia

Алдағы демалыс күндері Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінен келген 350 ит "ең үздік ит" атағы үшін бақ сынайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "24kz" арнасына сілтеп.

 Мәлімет бойынша, қазылар алқасының құрамында Венгрия, Швейцария және Қытайдан келген халықаралық деңгейдегі сарапшылар бар.

Олар иттерді төмендегі негізгі талаптар бойынша бағалайды:

  • анатомиялық құрылымы;
  • тіс жүйесі;
  • жүн сапасы;
  • қозғалысы;
  • рингтегі мінез-құлқы мен темпераменті.

"Стандарт өте егжей-тегжейлі жазылған, ал жеңімпаз – сол талаптарға ең жоғары деңгейде сәйкес келетін ит. Судьяның итпен қысқа уақыт байланысы жеткілікті, егер ол тәжірибелі маман болса, бірден тұқымға тән мінезді байқай алады", – деді Халықаралық кинологиялық федерацияның президенті Тамаш Яккель.

评论