Қырғызстан ЕО-ны екіжақты стандарттар қолданды деп айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hTVVscpNEsHoP4jR22eqekeh2007vpKYBMHg1hr1.jpg

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақтың жаңа санкциялық шешімдеріне байланысты мәлімдеме жасап, Еуропалық одақ-ты екіжақты стандарттар қолданды деп айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы 27 сәуірде жарияланған ресми мәлімдемеде айтылды. Министрлік Брюссельдің 20-санкциялық пакетіне Қырғызстанның бірқатар заңды тұлғаларын енгізуін және елге қарсы «антиайналып өту механизмі» қолданылуын «өкінішті жағдай» деп бағалады.

Бішкек тарапының айтуынша, Қырғызстан еуропалық әріптестермен тұрақты келіссөздер жүргізіп, барлық сұралған құжаттарды уақтылы ұсынғанына қарамастан, елдің ұстанымы ескерусіз қалып отыр.

Сыртқы істер министрлігі мұндай біржақты шектеулердің үшінші елдерге қысым жасау тәжірибесіне қайшы келетінін атап өтті. Сондай-ақ Қырғызстан өз әрекеттерінің ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелерге толық сәйкес екенін мәлімдеді.

Бішкек Еуроодақтан ашық, кәсіби және саясаттан тыс диалог жүргізуді, сондай-ақ бұрынғы келісімдерді іс жүзінде орындауды талап етті.

评论