Аялдамадағы шабуыл. Күдікті қамауға алынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xWKiKKCuWtYmg3POGCXdYAKB0ERTkZBfjmw5tXjp.webp

Аялдамада әйелге шабуыл жасаған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қалалық ПД сілтеп.

Оқиға 23 сәуір күні Алматы көшелерінің бірінде болған.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу органы оны қамауға алуды сұраған, прокуратура мен сот бұл өтінішті қолдаған.

Айта кетейік, 68 жастағы әйелге ер адам шабуыл жасап, оған бірнеше рет соққы жасағаны хабарланған еді.

评论