Жанәбіловтер ісі. Блогерлерге Lamborghini мен Lexus қайтарылады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mCIqTeUZzVfKOQLjAdXOzwKwAg9u17mRW2VVfj9s.webp

Астана соты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновқа тиесілі Lamborghini Urus және Lexus LX600 автокөліктерін қайтару туралы үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна”.

Сот шешімі бойынша, мүліктің бір бөлігі мемлекет пайдасына тәркіленуі тиіс. Судья Әділбек Баймаханов атап өткендей, мемлекетке сегіз Hyundai Elantra автокөлігі және 17 дана iPhone 16 (128 ГБ) ұялы телефоны алынады.

Сонымен қатар, Lamborghini Urus пен Lexus LX600 автокөліктеріне салынған тыйым алынған.

"Үкім заңды күшіне енгеннен кейін автокөліктер тиісті иелеріне қайтарылсын", – деді судья.

Сот сондай-ақ блогерлерді жәбірленушілердің өтемақы қорына әрқайсысынан 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде мәжбүрлі төлем төлеуге міндеттеді. Іс материалдарымен бірге заттай дәлелдер – DVD-дискілер, флеш-карталар және банктік үзінді көшірмелер – сақталатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Жанәбілов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталғанын хабарладық.  Ол пробациялық бақылауда болады.

Ал Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

评论