Президент саябақта ағаш отырғызды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/O1zP1EF82s5I30Lh1ApCq7A4sED1xMvTG6POcWka.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық экологиялық “Таза Қазақстан” акциясына қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы экоактивистермен бірге Астанадағы “Самал” саябағында ағаш отырғызды.

Акция қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.

 

评论