Робот марафонда адам рекордын жаңартты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TQOW1vH3hCziwDxdW33NXUMepFQ2FPDcmZUTSWod.webp

Фото: rozetked 

19 сәуірде Қытайдың Бейжің қаласында өткен жартылай марафонда «Шаньдянь» атты робот-гуманоид ерекше нәтиже көрсетіп, адам рекордын жаңартты. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бір жыл бұрын ғана марафонға қатысқан роботтардың дені мәре сызығына жетпей қалған. Тіпті кейбірі жарыс басталатын сызықтан аттай да алмаған. Бірақ биыл олар әлдеқайда дамығанын бүкіл әлемге паш етті.

Reuters мәліметінше, Honor компаниясы әзірлеген робот 21,1 шақырымды 50 минут 26 секундта жүріп өтті. Бұл Джейкоб Киплимо орнатқан әлем рекордынан бірнеше минутқа жылдам. Алайда жеңімпаз робот мәреге бірнеше метр қалғанда қоршауға соғылып құлап, көмекші демеуімен тұрғаннан кейін мәреге жеткен.

Басқа да роботтар айтарлықтай жылдамдық көрсете алмады. Дегенмен осы марафон адам тәрізді роботтардың физикалық күш-қуатын тағы бір мәрте дәлелдеді.

2025 жылы марафонға 20 робот қатысса, биыл олардың саны жүзден асып кетті. Олар адамдардан айтарлықтай жылдам жүгірді. Роботтар мен адамдар соқтығыспас үшін екі түрлі жол таңдалды.

评论