Танымал айтыскердің қатерлі дертке шалдыққаны белгілі болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0Hkl8EAUhDUkjyIjEMF9Ti68lUA03wzo7T5PKNYe.jpg

Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовқа өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы желіде тарады.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқас медициналық көмекке дер кезінде жүгінген. Әсіресе, ұлы әкесінің денсаулығына алаңдап, уақыт созбай ем іздеуге белсенді түрде кіріскен.

Алдымен ақын Түркиядағы екі клиникада тексеруден өткен. Кейін отбасы емді жалғастыру үшін басқа медициналық орталықты таңдаған.

Клиника өкілдерінің айтуынша, бұл шешім «өмір үшін жасалған маңызды қадам» болған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайында оң динамика байқалады, ал толық сауығып кету мүмкіндігі жоғары деп бағалануда.

Мамандардың сөзінше, дер кезінде басталған ем, тәжірибелі дәрігерлер мен дұрыс таңдалған емдеу тәсілі науқасқа жаңа өмір сыйлай алады.

Қазір Айтақын Бұлғақов ем қабылдап жатыр.

评论