Білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу туралы талаптар нақтыланды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады»,- делінген хабарламада.
Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.
Министрліктің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған.
Сурет: gov.kz
