Айды айналып өткен «Артемида-2» рекорд жаңартты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2hvjbuO8KyV6GTsuvyY3fDSNbN0lQPf4IBKOis2I.webp

6 сәуірде «Артемида-2» миссиясының ғарышкерлері  «Орион» ғарыш кемесімен Айдың арғы бетін айнала ұшу кезінде Жерден 252,760 мильге (406,770 шақырымға жуық) дейін алыстап, рекорд орнатты. Бұл туралы NASA жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жаңа рекорд 1970 жылы «Аполлон-13» миссиясы кезінде орнатылған рекордтан 4102 мильге (шамамен 6500 км) асып түскен.

Миссия кезінде экипаж Айдың бетін шамамен 4 000-7 000 миль биіктіктен айналып өтіп, бірнеше сағат бойы кратерлерді, ежелгі лава алаптарын және геологиялық жарықтарды тікелей зерттеп, суретке түсіріп, құжатқа енгізген.

«Орион» ғарыш кемесі 1 сәуірде АҚШ-тың шығыс жағалауынан ұшырылған еді. Бортта NASA ғарышкерлері Рид Уайзмен, Виктор Гловер және Кристина Кох, сондай-ақ Канаданың космикалық агенттігінің астронавты Джереми Хансен бар.

评论