ТҮРКСОЙ штаб-пәтерінде «Түркі әлеміндегі репрессиялар» кітабы таныстырылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bOJ3I5991UYB0jThAbNTJA2QPND86oReQNK7ajwo.webp

Анкара қаласындағы ТҮРКСОЙ-дың штаб-пәтерінде «Түркі әлеміндегі репрессиялар» тақырыбында жиын өтіп, осы аттас кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды. Іс-шара 1926 жылы Бакуде өткен І Түркологиялық съездің 100 жылдығына арналды.

Жиынды ТҮРКСОЙ, Анкарадағы Ахмед Джавад институты және Анкара Хаджи Байрам Вели университеті бірлесіп өткізді. Басқосуға түркі мемлекеттерінен дипломаттар, ғалымдар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев 1926 жылғы Баку съезінің түркі халықтарының жақындасуы мен ынтымақтастығы жолындағы тарихи маңызын атап өтті. Оның айтуынша, съезге қатысқан көптеген зиялылар кейіннен қуғын-сүргінге ұшырап, атылған немесе жер аударылған. Сондықтан бұл кезеңді зерттеу және тарихи әділдікті қалпына келтіру маңызды.

Таныстырылған «Түркі әлеміндегі репрессиялар» кітабы 2025 жылдың ақпан айында Анкарада өткен І Түркологиялық съезге арналған ғылыми семинар материалдары негізінде әзірленген. Жинаққа түркі әлеміндегі саяси қуғын-сүргін тақырыбын қамтитын ғылыми мақалалар мен зерттеулер енген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басылым түркі халықтарының ортақ тарихи жадын жаңғыртуға және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

评论
其他材料