Елде 14 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6kyPFIxsdgDP7jDMxujfV6qyilAuRYxIlSHDQnTc.jpg
Қазақстанда алғаш рет жасөспірімнің жүрегі ауыстырылды. 15 жастағы бала 5 жыл бойы ауыр жүрек дертімен күрескен. Себебі донор тапшы. Осы жолы миы өліп, өмір сүру мүмкіндігінен айырылған 43 жастағы ер адамның туыстары донорлыққа бірден келісім берген, деп хабарлайды "Адырна"ұлттық порталы qazaqstan.tv телеарнасына сілтеп.

Мамандар бұл ота отандық медицинада балалар ағзасын ауыстыруды дамытуға жол ашты дейді. Ел бойынша түрлі органға кезекте тұрған балалардың саны әлі де көп, деп жазады 

Қазір қоғамның мәйіттік донорға деген көзқарасы біртіндеп өзгере бастаған. Қайтыс болғаннан кейін ағзасын өмір сыйлау үшін беруге ниет білдірген адамдардың саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр 133 мыңнан астам адам қарсы болса, 13 мыңға жуық адам келісім берген. Биыл олардың саны 14 мыңнан асты. Өкінішке қарай, донорға мұқтаж балалардың саны өсіп барады.

"2025 жылдың аяғына қарай 123 бала тұрған. Бірінші кварталда 119 бала тұр. Соның ішінде 6-ы жүрекке мұқтаж, саны 7 болған, жақында трансплантация жасалып, алтауы қалды. Қалған 90% деп айтуға болады, ол бүйрекке мұқтаж. 21% бауырға мұқтаж болып келеді", - дейді Республикалық Трансплантацияны үйлестіру орталығы директорының орынбасары Назгүл Жылгелдина.

Елімізде донорға мұқтаж ретінде ресми тіркелгендер саны 4,5 мыңнан асты. Олардың басым бөлігі – бүйрекке, кейін бауыр мен жүрекке кезегін күткендер.

Қазақстанда арнайы медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді: реципиентті автоматты түрде таңдап, адамды араластырмайды. Яғни, әрбір донордың ағзасы дәл сол адамға жететінін сеніммен айтуға болады. Сондықтан 4,5 мың адам күнде "донор табылады" деген үмітпен оянады.

评论
其他材料