15 жастағы қазақ футболшысы Кәрім Меңдіханов атақты «Барселона» командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Mundo Deportivo жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол Испанияға 2022 жылы көшіп барған. Кәрімнің алғашқы клубы «Cerdanyola» болған, онда жас ойыншы бірден көзге түскен.
Қазіргі маусымда ол «Sant Cugat FC» сапында өнер көрсетіп, негізгі құрамнан орын ала білді.
«Оң қапталда Меңдіханов негізгі ойыншылардың біріне айналды. Спортшының жылдамдығы, техникасы және қарсыласты жеке-дара алдап өту шеберлігі оны қорғаныс үшін нағыз қауіпке айналдырады. Сондай-ақ ол лигадағы ең үздік нәтижелі пас берушілердің қатарында»,- деп жазды басылым.
Мендіханов келесі маусымнан «Барселона» сапында ойнайды. Осылайша ол танымал клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанбақ.
