108 жыл бұрынғы қасірет. Бүгін - Әзербайжанда еске алу күні

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eAfYKQpYHaFrvpa1E301dSgVn6MLqZNQBZLq7bv2.jpg

31 наурыз Әзербайжанда 1918 жылғы қайғылы оқиғаларда қаза тапқандарды еске алу күні ретінде аталып өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл сол оқиғаларға 108 жыл толып отыр.

Ресми деректерге сәйкес, 1918 жылдың 30 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Баку қаласында және Бакин губерниясының бірқатар өңірлерінде, сондай-ақ Шамахы, Губа, Хачмаз, Ленкорань, Сальян, Зангезур, Қарабақ, Нахчыван аймақтарында жаппай қақтығыстар болған.

Әзербайжан дереккөздерінің мәліметінше, бұл оқиғалар барысында шамамен 12 мыңға жуық адам қаза тауып, ондаған мың адам хабар-ошарсыз кеткен. Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, діни нысандар зақымданғаны айтылады.

Аталған кезең Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялардан кейінгі саяси тұрақсыздықпен тұспа-тұс келген. Осы жағдайда аймақта әртүрлі қарулы топтар мен саяси күштердің қақтығыстары күшейген.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Әзербайжан бұл оқиғаларға ресми баға беріп, 1998 жылы Гейдар Әлиевтің жарлығымен 31 наурыз «әзербайжандар геноциді күні» ретінде жарияланды.

评论