«Әртүрлі планетадан келген сияқтысыздар...» Психологиялық қызметтің шынайы келбеті қандай?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/s0Zsd1bpJtqd2oS0UIVjB8Dj76Bi9YSywtSiEj6E.png

Соңғы жылдары Қазақстанда психологиялық кеңес алуға деген сұраныс 40%-ға артқан. Алайда бұл өсіммен бірге кәсіби біліктілік мәселесі де ушығып барады. Сарапшылардың мәліметінше, еліміздегі психологиялық қызмет нарығының 70%-дан астамы мемлекеттің бақылауынсыз жұмыс істейді.

Ресми тізілімнің жоқтығынан, халық көбіне шынайы мамандардың емес, әлеуметтік желіде маркетингтің«майын ішкен» псевдопсихологтардың қақпанына түсіп қалып жатыр. Салдарынан, денсаулығы, қарым-қатынасы, қаржылық жағдайы құрдымға кеткен азаматтардың саны жыл санап өсіп келеді. Осыған орай MNU Newsroom тілшісі дипломы бар кәсіби маманмен және онлайн курс оқып алып, өзін психолог ретінде жарнамалап жүрген  азаматшадан сұқбат алып, олардың қызметін өзара салыстырып көрді.

АЛАЯҚТЫҢ ҚАҚПАНЫ

Тақырыпты зерттеу барысында алдымен Threadsжелісінде жазба қалдырып, дипломы жоқ психологтардан зардап шеккендер туралы оқырмандардың пікірін білмек болдық. Аз ғана уақытта бірнеше адам сан соғып қалғанын жазып,  өкініштерін білдірді. Соның ішінде мына оқиға бізді елең еткізді. Жас келіншек күйеуімен қарым-қатынасында түсініспеушіліктер көбейіп, оның шешімін іздеп психологқа барыпты.

«Психологқа барған кезде ол менің бойымда түрлі психологиялық жарақаттар бар екенін айтты. Алғашында бұл маған қалыпты көрінді, өзімді танып жатырмын деп ойладым. Бірақ уақыт өте келе сеанстар саны негізсіз көбейіп, әр кездесудің бағасы да өсе берді. Ол “сіздің ішкі блогыңыз өте терең, оны ашу үшін әлі көп жұмыс істеу керек” деп мені материалдық тұрғыдан ғана емес, эмоционалды түрде де өзіне тәуелді етіп қойды», - дейді кейіпкер.

Оқиғаның ең ауыр тұсы – маманның отбасылық құндылықтарға араласуы. Психологиялық этика бойынша маман клиентті нақты шешім қабылдауға (ажырасуғанемесе үйленуге) итермелемеуі керек.

«Кейінірек ол тіпті күйеуім екеуміз “әртүрлі планетадан келген адамдар сияқтысыздар” деп айтып, бізге ажырасқан дұрыс болатынын жеткізді. Оның айтуынша, тек сол кезде ғана мен өзімді толық “өңдей” (проработать) алады екем. Егер дер кезінде тоқтамағанымда, бүгін менің отбасым бұзылып, балаларым әкесіз қалар еді», – деп ағынан жарылды жас келіншек.

«Псевдопсихологтың» қармағына түскен бұл келіншекті күйеуі құтқарыпты. Айтуынша, қаралған «маманы» алаяқ болып шыққан. Себебі 2ГИС қосымшасында да өзі секілді дәл осы маманға алданғандар көп болып шығыпты.

Сурет: ЖИ көмегімен жасалды

«ДИПЛОМ КЕРЕК БОЛСА, БАРЫП ОҚЫП АЛАМЫН»

Жасыратыны жоқ, біз әлеуметтік желіде мыңдаған оқырманы бар, психологиялық кеңес беріп жүрген көптеген психологқа хабарласып, сұқбат беруін сұрадық. Алайда елде психологтарға қатысты заң талаптары күшейтілгелі жатқандықтан ба, әлде өз қызметтерінде шикілік болғандықтан ба, кім білсін әйтеуір көбісі өтінішімізді жауапсыз қалдырды. Дегенмен бір психолог ханым келісті, бірақ аты-жөні мен парақшасын көрсетпеуімізді сұрады. Ол өзінің психолог ретінде ЖОО бітіргенін растайтын дипломы жоқ екенін жасырмады.

«Мен адамдарға психологиялық кеңес беремін. Дипломым жоқ, бірақ бірнеше онлайн курс оқыдым. Қазіргі таңда ресми дипломның аса қажеті жоқ деп ойлаймын. Меніңше, адамдарды жай ғана тыңдап, сөйлесу арқылы көмектесуге болады. Егер шынымен диплом керек болып жатса, маған қиын емес. Барам да, оқып аламын», - деп сенімді жауап берді.

Оның өзіне сенімді болуына негіз жоқ емес. Себебі әлеуметтік желіде мыңдаған оқырманы бар. Күніне 5 клиенттен қабылдайды екен. Терапиясының әр сағатына 100 мың теңгеден алатынын және клиенттерінің көп екенін айтты. Сондай-ақ өзінің клиенттерді қабылдайтын кеңсесі бар. Көбіне Астана мен Алматының арасында жүріп, екі қаладағы клиенттерді офлайн, ал басқа жақтатұратындарды онлайн қабылдайды. Клиенттер негізі әлеуметтік желі арқылы және «сарафанды радио» арқылы келеді екен.

«Нәтижеге жеткен клиенттерім көп, сол үшін адамдар бір-бірінен естіп келе береді», - дейді ол.

Бір сөзбен айтқанда, бұл псевдопсихологтың кәсібі өте жақсы жүріп тұр. Қазақстанда орташа жалақы көлемі  шамамен 423 мың теңге екенін ескерсек, бұл кейіпкерімізбір күнде сол бір айлық табыстан көібрек пайда табады.

«КЕҢЕСІ КӨМЕК ЕМЕС, ЗИЯН БОЛУЫ ДА МҮМКІН»

Ал келесі кейіпкеріміз Бибігүл  Қалел, психология ғылымдарының магистрі. Ол жоғарыдағы кейіпкеріміз айтқан пікірмен мүлде келіспейді. Оның айтуынша, психология — бұл жай ғана әңгімелесу, тыңдау емес, терең ілім мен жауапкершілік.

«Біз тісіміз ауырса, дәрігердің дипломы мен тәжірибесіне қараймыз ғой. Сол сияқты психологтар да адам жанымен жұмыс істейтін маман ретінде, тек кәсіби білім арқылы ғана көмектесуі тиіс. Тиісті білімі жоқ адамның кеңесі көмек берудің орнына, керісінше, орны толмас зиянын да тигізуі мүмкін»,- дейді ол.

Бір қызығы, Бибігүл Қалел дипломы бар психолог, магистр болса да жоғарыдағы кейіпкеріміз секілді әр терапиясына 100 мың алмайды екен. Оның мыңдаған оқырманы да, жеке кабинеті де, клиенттер базасы да жоқ. Бірақ ол қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, мектептер мен мекемелерге барып өз еркімен дәріс оқиды және осы ісінен ләззат алады. Енді доктарантура оқып алмақшы. Бибігүл Қалел елімізде психолгтарға қатысты талаптардың күшейтілгелі жатқанын қолдайды.

БІЛІМСІЗДІК БЕЛЕҢ АЛҒАН НАРЫҚ

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми-практикалық институтының бас сарапшысы Эльмира Әлиева қазіргі таңда нарықта психологияныңбақылаусыз ақша табу көзіне айналғанын айтып, дабыл қақты. Оның айтуынша, іргелі академиялық білімі мен кәсіби практикалық дайындығы жоқ тұлғалар кәсіби сарапшылардан бірнеше есе жоғары ақы сұрауды әдетке айналдырған. «Бұл — тек қаржылық алаяқтық емес, адамның психикалық саулығына жасалған тікелей қауіп", - дейді ол.

«Тек Астана қаласы бойынша Kaspi қосымшасындағы хабарландыруларды зерделегенімізде, психологиялық қызмет ұсынып отырған 365 адамды анықтадық. Олардың баға саясаты ешқандай логикаға сыймайды: қарапайым кеңес 5 мың теңгеден басталса, кейбір “мамандардың” бір сағаттық қабылдауы миллион теңгеге дейін жетеді. Ең өкініштісі – бұл адамдардың көбінде арнайы жоғары білімі жоқ. Олар небәрі 34 сағаттық қысқа курсты бітіріп, қолдарына тиген жылтырақ сертификатты дипломмен тең көреді. Мұндай “мамандар” адам жанының терең иірімдерін түсінбек түгілі, психологияның қарапайым этикасы мен шекарасын да білмейді», - дейді маман.

ҚАБЫЛДАНБАҚ ЗАҢ ҚОҒАМҒА НЕ БЕРЕДІ?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заңның қабылдануыазаматтарды алаяқтардан қорғап қана қоймай, еліміздегіпсихологиялық мәдениетті жаңа деңгейге көтеретінінесенімді.

«Қазір көріп жатырсыздар, әсіресе әлеуметтік желіарқылы тиісті арнайы білімі жоқ түрлі азаматтар осындайжұмыспен айналысып жатыр. Соған байланысты қаншамаазаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтірілуде», - дейді депутат.

Депутаттың айтуынша, «Психологиялық қызмет туралы» дербес заң саладағы қызметтердің нақты талаптарын айқындап, нарықты біліксіз адамдардан тазартады.

Жаңа заңнама аясындағы негізгі өзгерістер:

Кәсіби сүзгі мен диплом талабы: Бұдан былай тиістіакадемиялық жоғары білімі жоқ адамдарға психологиялыққызмет көрсетуге және өзін «психолог» деп таныстыруғазаң жүзінде тыйым салынады.

Бірыңғай мемлекеттік тізілім: Еліміздесертификатталған және білімі расталған мамандардыңортақ базасы жасалады. Кез келген азамат маманға бараралдында оның бұл тізілімде бар-жоғын тексере алады.

Этикалық және заңдық жауапкершілік: Маманның қатекеңесі немесе этикаға қайшы әрекеті (мысалы, отбасынажырасуға итермелеу немесе клиентке қысым көрсету) үшін нақты құқықтық жауапкершілік қарастырылады. Лицензиясынан айыру немесе айыппұл салу тетіктеріенгізіледі.

Қызмет сапасын бақылау: Психологиялық орталықтармен жеке практикамен айналысатындарға қойылатынталаптар күшейтіліп, олардың жұмысы жүйелі түрдеқадағаланатын болады.

Жалпы алғанда психология — бұл эксперимент жасайтыналаң емес, ол іргелі білім мен жоғары жауапкершіліктіталап ететін ғылым. Сол үшін маман таңдағанда «жылтыраған жарнамаға» емес, ресми диплом мен кәсіби тәжірибеге сүйену қажет.

Жанель Омарова

评论