Израильге Америка қосылды. Каспийдегі порт соққының астында қалды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OWEinSMxoPhOQPXFamK9OW2854lnyRI9IPs5fOrj.jpg

Израиль мен АҚШ Каспий теңізі жағалауындағы Бандар-Анзали портты қаласына тағы да соққы жасады. Бұл туралы «Свободный Иран» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шабуылдың мақсаты Иран қорғаныс министрлігіне бағынатын теңіз орталығы болған.

Соққылар Тамджиди теңіз орталығына бағытталған. Бұл орталық Теңіз өнеркәсібі ұйымының құрамына кіреді және әскери кемелерді жобалау, өндіру мен жөндеумен айналысатын негізгі стратегиялық нысан болып саналады.

Бұдан алдын Каспийдің Иран жағалауындағы осы стратегиялық орталықты Израиль ғана атқыласа, бүгін оған АҚШ қосылып отыр.

19 наурызда ЦАХАЛ Иранның Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштері мен порт инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеген еді. Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Иран әскери флотының негізгі нысандарын нысанаға алған. «Порт инфрақұрылымындағы ондаған әскери кеме орналасқан объектілерге соққы берілді. Олардың қатарында зымырандық кемелер мен күзет катерлері бар», – делінген сонда ЦАХАЛ таратқан мәліметте.

28 ақпаннан бастап Израиль мен АҚШ Иран аумағындағы бірқатар нысандарға, соның ішінде Тегеран қаласына шабуыл жасап келеді. Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің энергетикалық және стратегиялық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды қатаң айыптаған. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер жағдайды күрделендіріп, бақылаудан тыс салдарға әкелуі мүмкін және оның әсері тек аймақпен шектелмей, жаһандық деңгейде сезілуі ықтимал.

评论