«Сұңқар» зымыран-тасығышын Байқоңырдан ұшыруға дайындық басталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FqzmUq53DntruMQ1cXtEA73zkawFlaV49jdn6OWp.jpg

Байқоңыр ғарыш айлағы алаңында «Бәйтерек» бірлескен жобасы аясында «Союз-5» («Сұңқар») зымыран-тасығышының технологиялық макеті алғаш рет ұшыру кешеніне шығарылып, кешенді сынақтардан өтті. Бұл сынақтар жаңа зымыранды ұшыруға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады.

Мамандардың мәліметінше, макет 42-алаңдағы-сынақ корпусынан 45-алаңдағмонтаждауы ұшыру құрылғысына жеткізіліп, тік күйде орнатылған. «Құрғақ» деп аталатын бұл сынақ барысында зымыранға отын құйылмайды, оның орнына тасымалдау-орнату агрегаты, ұшыру кешенінің жабдықтары және зымыран жүйелерінің өзара үйлесімділігі тексеріледі.

Тексеру нәтижесінде барлық жүйелердің дұрыс жұмыс істейтіні расталып, жабдықтардың сәйкестігі сәтті өткен. Осыдан кейін макет қайтадан монтаждау-сынақ корпусына қайтарылып, соңғы дайындық кезеңіне жіберілді.

Алдын ала жоспар бойынша, «Сұңқар» зымыран-тасығышын ұшыру кешеніне шығару 24 наурызға белгіленген. Ал зымыранның макеті пайдалы жүктемемен өтетін алғашқы ұшу сынағы 27 наурыз күні Астана уақытымен сағат 16:00-де жүзеге асырылмақ.

«Бәйтерек» жобасы — Қазақстан мен Ресейдің бірлескен бастамасы. Ол экологиялық таза отын пайдаланатын жаңа буын зымырандарын ұшыруға арналған инфрақұрылым құруды көздейді. Жоба 2004 жылы басталып, 2005 жылы сол кездегі Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен ресми түрде іске қосылған.

Айта кету керек, «Союз-5» («Сұңқар») — орта класты, екі сатылы зымыран. Ол экологиялық қауіпсіз отын — нафтил мен сұйық оттегін пайдаланады. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, Қазақстанның ғарыш саласындағы әлеуетін арттырып, халықаралық ұшыру нарығындағы орнын күшейтуге мүмкіндік береді.

评论