Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай кеңауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1XuARZ6MV6RrWvxYHeLjTBvbmaEyRBZJ3n00ihfn.jpg

2026 жылғы 21 наурыз күні Шымкент қаласындаҰлыстың ұлы күніНаурыз мейрамына орай кең ауқымдымәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекелікбағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттықдәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды әріәсерлі жобаларды ұсынады.

Негізгі мерекелік іс-шаралар қаладағы бірқатар іріқоғамдық кеңістіктерде өтеді. Атап айтқанда, «Астана» алаңы, Әл-Фараби алаңы, Наурыз алаңы, Металлургтерсаябағы, Наурыз саябағы, Алатау саябағы және Арбат демалыс аймағында бір мезетте халықтық серуендерұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 11:00-де басталады. Келушілер назарына театрландырылғанқойылымдар, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, робототехника көрмесі мен заманауи VR алаңшаларыұсынылады. Күндізгі концерттік бағдарламада жергіліктіөнерпаздармен қатар, елімізге танымал эстрада жұлдыздары– «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетеді.

Кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында гала-концерт өтеді. Сахнада жергілікті өнер жұлдыздары және арнайышақырылған хедлайнерлер – TURAR мен Kalifarniya өнеркөрсетеді. Мерекелік кеш эксклюзивті отшашуменқорытындыланады.

Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар ұлттықмәдениетті дәріптеумен қатар, қала тұрғындарының бірлігіннығайтуға және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.

评论
其他材料