Тауқіметттен жазаға дейін. Бүйрегін сатпақ болған ер адам 2 жылға сотталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Алматы облысында 34 жастағы ер адам өз бүйрегін сатуға әрекеттенгені үшін жауапқа тартылды. Ол әлеуметтік желілерде ағзасын сату туралы хабарландыру жариялаған, деп хабарлайды “Адырна”.

Хабарландыруға жауап берген «сатып алушы» шын мәнінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеген адам болған. Ақпан айында тараптар мәмілені рәсімдеу үшін кездескен. Алайда ақша беру сәтінде полиция қызметкерлері ер адамды қолға түсірді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, адам ағзаларын сату мен сатып алуға қатаң тыйым салынған. Тіпті өз ағзасын сату әрекеті де қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Осыған байланысты күдікті ісі сотқа жолданды.

Сот барысында айыпталушы өз әрекетін ауыр қаржылық жағдаймен және алимент бойынша жиналған қарыздармен түсіндірді. Оның айтуынша, осындай қадамға баруға мәжбүр болған.

Сот ер адамның кінәсін, сондай-ақ оның өкініш білдіргенін және материалдық қиындықтарын ескеріп, оған 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мамандар мұндай жағдайлар әлеуметтік және қаржылық мәселелердің асқынуы салдарынан туындауы мүмкін екенін айтады. Дегенмен заңға сәйкес, адам ағзаларын сату қатаң тыйым салынған әрекет болып қала береді.

评论