Тбилисидегі Гейдар Әлиев атындағы саябақ аумағында Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Шараны Тбилиси қаласының мэриясы, Грузия әзербайжандарының ақсақалдар кеңесі және Мирза Фатали Ахундзаде атындағы Әзербайжан мәдениеті музейі ұйымдастырған.
Іс-шараға қала мэрінің орынбасары Каха Абуладзе, Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің елшілері, сондай-ақ Грузияның ресми өкілдері қатысқан. Әр мемлекет өз ұлттық дәстүрі мен мәдениетін таныстыратын арнайы көрме-бұрыштарын ұсынған.
Мереке аясында Наурыз оты жағылып, сондай-ақ концерттік бағдарлама өткен.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар Тбилисиде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.
