Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Лариджани Израильдің әуе соққысы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Times of Israel-қа сілтеп.
Бұл туралы Израиль қорғаныс министрлігі хабарлады.
«Лариджани мен «Басидж» командирі бір түнде жойылып, Хаменеи бағдарламасын жоюдың басшысы мен бұрын жойылған «зұлымдық осі» мүшелерінің бәріне тозақ түбінде қосылды», – деді министр Кац.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Трамп Иран басшыларын өлтіруді «үлкен мәртебе» деп атады.
