Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Z0zXyzh8eZXrm0n0A9a89OtiCqeMUMY7bJ8ZcXIs.webp

15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді. Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды, оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық портады astana-akshamy.kz сайтына сілтеп.

Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.

Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Айта кетсек, бұған дейін Ақтауда қалалық аурухана перзентханасында дүниеге келген ұл балаға ата-анасы ерекше есім беріп,  республикалық референдум құрметіне Ата-Заң деп атағанын хабарладық.

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Ата-ана бұл есімді Конституцияға құрметтің белгісі ретінде және елде өтіп жатқан республикалық референдумның естелігі ретінде таңдағандарын айтқан.

 

评论