Қазақстанның стратегиялық нысандарын қорғау күшейтілді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sM3uqlH7yE2e9pWty9d8bKEhinq8NWq5Ws5se14Q.jpg

Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайға байланысты елдегі стратегиялық нысандардың терроризмге қарсы қорғанысын күшейту шаралары қабылданды. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

"Мемлекет басшысы бірден терроризмге қарсы қорғаныс мәселесіне назар аударды. Қауіпсіздік кеңесінің арнайы отырысы өткізілді. Барлық құрылымымыз қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді – бұл алдын алу шараларының бірі. Ал ескерту шараларына келсек, ең алдымен біздің стратегиялық нысандардың терроризмге қарсы қорғанысы туралы айтқым келеді. Қазақстан Республикасында орналасқан мұнай өндіруші кәсіпорындардың тиісті бөлімшелері бар және олардың әуеден де, құрлықтан да, сондай-ақ Каспий теңізі жағынан да террористік шабуылдарға қарсы әрекет ету бойынша нақты міндеттері белгіленген", – деді Андрей Лукин.

 

 

评论