Қазақстан Ресейден әкелінетін көліктерге де утильалымды арттырмақ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/A2bjtY4b1cg2Jem8RdtOTkJclksp2LhZ16A3YjGf.webp

Қазақстан Ресейден әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алымды арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Журналистер соңғы күндері Экология министрлігінің ашық нормативтік-құқықтық актілер алаңында ресейлік автокөліктерге арналған утилизациялық алымды ондаған есе көбейтуге ұсыныс жасалғанын айтып, бұл мәселеге министрліктің көзқарасын сұрады.

«Бұйрыққа әлі қол қойылмады. Біз Ресей нарығына қатысты ешқандай жаңа талап енгізіп жатқан жоқпыз, тек жағдайды айна-қатесіз қайталап отырмыз. Екі ел нарығында тең мүмкіндік болуы керек. Ресей біздің автокөліктерге утильалымды бірнеше есе, тіпті ондаған есе көтерді. Оның үстіне ол жақта 2029–2030 жылдарға дейін прогрессивті шкала енгізілген»,-деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, 2029–2030 жылға дейін утилизациялық алым сомасы шын мәнінде шектен тыс болады. Сондай-ақ Нағаспаев бұл шешімнің отандық автокөлік өндірісін дамыту үшін қабылданғанын атап өтті.

Министр бұйрық бекітілгеннен кейін автокөліктердің бағасы күрт қымбаттамайды деп сенім білдірді.

«Қазақстанға Ресей Федерациясынан соншалықты көп автокөліктер кірмейді, сондықтан автокөліктер бағасының күрт өсуі болмайды», – деді ол.

 

评论