Беларусьте туу азайған. Лукашенко өзбек мигранттарын шақырды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qd8obutu1Yj1QjpDWEQQyNdgslpwH48DpK1lbkP0.jpg

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдаушылық білдіріп, Өзбекстан азаматтарын жұмыс істеуге шақырды. Бұл туралы Neхta жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Мәлімет бойынша, Беларусь басшысы Өзбекстан елшісімен кездесу барысында өзбек еңбек мигранттарын қабылдауға дайын екенін айтты.

Оның сөзінше, халық санының өсу қарқыны Өзбекстандағыдай жоғары емес. Сондықтан Беларусьта өмір сүріп, жұмыс істегісі келетін адамдарды қабылдауға әзір.

Лукашенко әсіресе отбасымен бірге келетін жұмысшыларды қолдайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Беларуське келген азаматтардың балалары балабақша мен мектепке бару, білім алу мәселесінде жергілікті тұрғындармен тең құқыққа ие болады.

Соңғы жылдары Беларусь билігі елдегі кадр тапшылығын шетелдік жұмыс күші арқылы шешуге тырысып келеді. Бұған дейін Лукашенко Пәкістаннан ондаған мың жұмысшы тарту жоспары туралы айтқан. Алайда іс жүзінде елге келгендердің саны аз болған.

 

评论