XIV қысқы Паралимпиада ойындары: алғашқы жарыс күнінің нәтижелері

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XQusw0RYishA55Gzca9O8LDAfIgR6aYB5wknPJR6.jpg

Бүгін Қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан 7,5 км қашықтықтағы спринттік жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Александр Герлиц сынға түсті.

Аталған дисциплинада ұлттық құрама келесідей нәтижеге қол жеткізді:

Ербол Хамитов – 8 орын ( 20:47.2 секунд); 

Александр Герлиц - 11 орын (20:18.8 cекунд);
Сергей Усольцев – 18 орын (23:12.4 секунд); 
Юрий Березин – 25 орын (25:40.9 секунд); 

Жарыстың келесі күні аталған спортшылар пара биатлоннан 12,5 км қашықтықтағы жарыста бақ сынайды.

Айта кетейік, XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтуде. Төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі додаға 56 елден 600-ден астам спортшы қатысуда. Паралимпиада ойындарында пара шаңғы жарысы, пара биатлон, пара сноуборд, тау шаңғысы, пара хоккей және арбадағы керлинг спорт түрлері бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

评论