Ильхам Әлиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иранның Нахчыванға жасаған шабуылдарын айыптағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Әзербайжан президенті өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иранның Нахчыванға жасаған шабуылдарын айыптағаны және Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық әрі одақтастық қарым-қатынастар рухында біздің елімізді қолдағаны үшін алғысымды білдіремін», – делінген жазбада.
Бұған дейін Қазақстан басшысы Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы Нахчыван қаласындағы әуежайға жасалған шабуылын айыптағаны туралы хабарлаған едік.
