Алжирде үш ер адам қой боп киініп, елден заңсыз шығуға әрекет жасаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға кезінде күдіктілер Испанияға жету үшін үй жануарларының арасына араласып кетпек болған. Олар қойлардың арасында байқалмай өтуді жоспарлаған. Алайда тәртіп сақшылары жануарлардың арасында күмәнді қозғалысты байқап, көлікті мұқият тексерген.
Тексеру барысында 25 пен 30 жас аралығындағы үш ер адам анықталып, бірден ұсталды. Полиция олардың әрекеті сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді.
Бұл жағдай шетелдік БАҚ назарын аударып, ерекше әрі қауіпті әрекет ретінде бағаланды.