7 қабаттан құлаған баланы қағып алды. Аула сыпырушыны президент марапаттады

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bp7JUax6ITwbs9JwglMuTAFinrucMfDaqF67tmbB.webp

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 7 жастағы бала көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап кеткен. Оны дер кезінде байқаған аула сыпырушы қағып алып, өмірін сақтап қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Петрозаводская көшесінде болған. Аутизм диагнозы бар бала планшетпен ойнап отырған кезде, анасы басқа бөлмеде болған. Сол сәтте бала терезеге шығып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, коммуналдық қызметкер баланың қауіпті жағдайда тұрғанын байқап, төменде тұрып оны құтқаруға әрекет жасаған. Бала қолы тайып, төмен қарай құлаған кезде, ер адам оны басымен құлап бара жатқан күйінде ұстап қалған.

Оқиға салдарынан бала аяғын сындырған, ал оны құтқарған ер адамның қабырғалары сынған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Анықталғандай, бала өмірін 37 жастағы Өзбекстан азаматы Хайрулло Ибадуллаев сақтап қалған.

Осы ерлігі үшін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев оны «Жасорат» медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Президент батырлық пен жанқиярлық танытқан отандасының ерлігін ерекше атап өтті.

评论