Түркияның Малатия провинциясында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Anadolu Agency агенттігіне сілтеп.
Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Пютюрге ауданында орналасқан. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:43-те тіркелген. Ошақ шамамен 9,39 шақырым тереңдікте болған.
AFAD таратқан ақпаратқа сай, қазіргі таңда жағдай бақылауда. Мамандар жер сілкінісінің салдарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.