АҚШ пен Иран келіссөздерінде «аздаған ілгерілеу» бар — Ақ үй

212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4mu1IuaQCt662rKdEYEm5Vp4R07h74G7Z56lfnUj.jpg

Женевада өткен АҚШ пен Иран арасында ядролық бағдарламаны реттеуге бағытталған жанама келіссөздер барысында  «аздаған ілгерілеуге» қол жеткізілді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, кейбір мәселе бойынша келіспеушіліктер әлі де сақталып отыр.

«АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер барысында аздаған ілгерілеу байқалды. Дегенмен, тараптардың ұстанымдары әлі де бір-бірінен өте алшақ. Менің білуімше, иран тарапы алдағы бірнеше апта ішінде бізге кейбір нақты мәліметтер ұсынуды жоспарлап отыр»,-деді хатшы.

Левитт Иран үшін Трамп және оның әкімшілігімен келісімге келу өте дұрыс шешім болатынын атап өтті.

17 ақпанда Оманның арағайындығымен өткен АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің екінші раунды аяқталды. Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран мен Вашингтон болашақ ядролық келісімнің бірнеше негізгі тармақтары бойынша ортақ келісімге келгенін айтты.

Дегенмен, Axios басылымына сұқбат берген америкалық шенеуніктер Иран мен АҚШ арасындағы келіспеушіліктерді толық шешу мүмкіндігіне күмән келтірген. Басылым дерегінше, соңғы 24 сағат ішінде АҚШ Таяу Шығысқа 50 F-35, F-22 және F-16 жойғыш ұшағын жіберген.

相关新闻

评论
相关新闻