9 жастағы оқушы Рубик текшесін құрастырудан әлемдік рекорд орнатты

188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/65fsRMyFfORTGv647BLfukzh2hBiZLAgB0GKmCZO.jpg

Польшалық 9 жастағы мектеп оқушысы Теодор Зайцер Рубик текшесін құрастыру бойынша жаңа әлемдік рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды “Адырна”.

Жарыс Гданьск қаласында өтіп, жас қатысушы 3×3×3 өлшемді Рубик текшесін небәрі 2,766 секундта жинап шықты. Осылайша ол тарихта алғаш рет көрсеткішін 3 секундтан төмен түсірген спортшы атанды.

Бұған дейінгі әлемдік рекорд 3,05 секундты құраған еді. Теодордың нәтижесі спидкубинг тарихындағы маңызды жетістік ретінде бағалануда.

Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары жылдамдыққа жету үшін тұрақты жаттығу, жылдам ойлау қабілеті және қол қимылының ерекше үйлесімі қажет.

评论