Астанада ер адам көпірден секірмек болды. Оны төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, «112» пультіне Қараөткел көпірінде тұрған ер адамнан қоңырау түскен. Ол өмірімен қоштаспақ ниетте екенін хабарлаған.
“Құтқару қызметінің диспетчері кәсібилік пен ұстамдылық танытып, шұғыл қызметтер жеткенше ер адаммен үздіксіз сөйлесіп, оны қатерлі қадамнан тежеп тұрды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағдайды дереу бағамдап, альпинистік жабдықтардың көмегімен 1993 жылы туған ер адамды көпір конструкцияларынан қауіпсіз жерге түсірді”, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.