Ресейде WhatsApp, Facebook, Instagram және YouTube домендері бұғатталды

120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3BinDPQKyaL8SgZBNBNu8vFEKoHQIoJaXnf2Y7lP.webp

Ресейде WhatsApp мессенджерінің домені Ұлттық домендік жүйеден (НСДИ) жойылды. Бұл жүйе «суверенді Рунет» туралы заң аясында құрылған инфрақұрылым болып саналады, деп хабарлайды "Адырна".

habr.com хабарлауынша, енді мессенджерге тек VPN арқылы кіруге болады. 10 ақпанда НСДИ-ден YouTube домені де жойылған. Ресейлік провайдерлерде Youtube.com домені DNS серверлерінен толық жойылған соң, Rosкомнадзор жүйесінде WhatsApp.com домені де қолжетімсіз болды.

Сонымен қатар, Роскомнадзор Facebook пен Instagram-ды да толық бұғаттаған.

"Сайттардың деректері НСДИ DNS сервисінен жойылған", -  деп хабарлады «На связи» жобасы.

Бұл пайдаланушылардың платформаларға кіруіне кедергі келтіреді, тіпті егер сайттар Ресей аумағында баяулатылған болса да.

Сайттарға кіргенде «DNS_PROBE_FINISHED_NXDOMAIN» қатесі шығады, яғни домен жоқ және ресурстардың IP-мекенжайлары тіркелімнен өшірілген. Роскомнадзор бұл жойылу туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Бұл жағдай Ресейде интернетке қолжетімділікті бақылау шараларының күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

评论
其他材料