Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері 110 жемқорлық ісін тіркеген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 110-і – сыбайлас жемқорлық. Олардың басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты»,-делінген хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылған.
«129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 млрд теңгені құрады, бюджетке 100 млн теңгеден астам қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,–деп толықтырды комитет.