Ресей келіссөз алдында тағы да Запорожьеге шабуылдады. Мерт болғандар бар

352
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sie69QmM8K2GKCzOdx7VsgPsF9Ny8IfudBo3sj49.jpg

3 ақпан күні кешке Ресей әскері Запорожьеге тағы да жаппай шабуыл жасады. Бұл туралы облыстың әскери-әкімшілік басшысы Иван Федоров мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Екі адам қаза тауып, он бірі жарақат алды. Ресейліктер қалаға кешкі уақытта, адамдар үйіне қайтып бара жатқанда соққы жасады. Запорожьеге қарсы жау шабуылдарының зардап шеккендерінің саны артуда», — деді ол.

Айтуынша, қаза тапқандар — 18 жастағы жас жігіт пен қыз бала. Шабуыл кезінде 5 тұрғын үй зақымданған.

Еске салайық, 1 ақпанда Ресей Запорожьедегі перзентханаға соққы жасаған еді. Ал бүгін, 4 ақпанда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер Абу-Дабиде жабық режимде жалғасады деп хабарланған.

评论