Ақтөбе облысындағы Құрайлы ауылында алпыс жастағы әйел бірге ішімдік ішкен ер адамды қылыштап өлтіріп алды. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Ақпаратқа сәйкес, қылмыс болатын күні екі әйел мен бір ер адам бірге ішімдік ішкен. Кейін бірге отырған әйел ұйқысы келіп, бөлмесіне кеткен. Арада біраз уақыт өткенде ер адам қолына қылыш алып, әйелге тиісе бастаған. Екеуі қылышқа таласқан кезде суық қару ер адамның беліне кіріп кеткен.
«Сотталған әйел оның қанын тоқтатпақ болып, көмекке шақырған. Алайда, ер адам алған жарақатынан көз жұмған. Сот күдіктінің егде жасын, оның зәбір көргенін, өз өмірі үшін күрескенін назарға алып, істі «Адам өлтіру» бабынан «Абайсызда адам өлтіру» бабына ауыстырды. Әйелді шартты түрде екі жылға соттап, оған жұмыстан кейін сыртқа шығуға және көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салды», - деп хабарлайды жергілікті баспа.