Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылмақ

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Sl610qpDpEnOKg3jo9RK38t3NgNmR11KaswaeJVK.webp

Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты айқындалып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты бекітіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ата Заңның 7-бабында екі негізгі бөлім көрсетілген.

Біріншісі - дін мемлекеттен бөлек болады. Екінші бөлім - Қазақстан аумағында діни ұйымдардың қызметі тек заңға сәйкес жүзеге асады және ол конституциялық құрылыс негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың денсаулығын және қоғамның адамгершілік болмысын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін.

«Дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып бекітіледі. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалады», – делінген заң жобасында.

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституция жобасының толық мазмұны жарияланған болатын. Жоба 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

评论