Тоқаев алматылық мұғалімді құттықтады

469
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/R3IIQng9AxNCpsWLiDbUQc8EY4Ox9WAOjgvPTcZh.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ақорда мәліметінше, ол Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген.

«Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

评论