Алматылық ұстаз әлемдік рейтингте топ жарды

217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/d8CPI26dyrh7c68GOXjSDea9kw4SUVPUxL21m4wB.jpg

Алматыдағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова әлемнің үздік 50 педагогы қатарына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы 27 қаңтарда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, Татьяна Белоусова – тәжірибелі педагог және 2024 жылы «Қазақстанның үздік мұғалімі» атағын алған.

Халықаралық Global Teacher Prize 2025-2026 конкурсына қатысу үшін кандидат бірнеше кезеңнен өткен. Ол анкета толтырып, қосымша материалдарды тапсырған. Кейіннен сараптамалық бағалаудың нәтижесінде ақтық сында жеңіске жеткен.

评论