Асанәлі Әшімовтің келіні өмірден өтті

229
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2rXXwkY5C2DEdkYiudaqj1sBI277Mi00c3ZfF9bF.webp

Белгілі қазақстандық актер, режиссер Асанәлі Әшімовтің келіні Селимхан қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Селимханның қазасы туралы Әшімовтың жары Бағдат Әшімова жазды.

«Асылымнан айырылып
отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары,екі немереміздің анасы
Селимхан өмірден озды. Аңсарым мен Майрамның, көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. Алла енді жылатпасын...
Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын», – деп жазды Бағдат Әшімова 25 қаңтар күні.

Селимхан – актердің тұңғыш ұлы Сағи Әшімовтің жары. Асанәлі Әшімовтың тұңғыш баласы Сағи Әшімов 1999 жылы өмірден озған.

Айта кетейік, кеңестік және қазақстандық театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 88 жасында дүниеден өткен еді.

评论