Ресей, Украина және АҚШ делегациялары тағы бір кездесу өткізді

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xeml8O9amKuYn2dvzTkA1HvbUKBof4Clm2SKdZRl.jpg

Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ делегацияларының екінші раундтағы келіссөздері өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

Кездесу барлық тараптардың келісімімен жабық форматта өткен. Жиын үш сағаттан астам уақытқа созылды.

Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер барысында соғысты аяқтаудың мүмкін нұсқалары талқыланғанын айтып, кездесуді «конструктивті» деп сипаттады. Ол барлық тараптар өз елдерінде келіссөздердің әр аспектісі бойынша есеп беріп, келесі қадамдарды жетекшілермен талқылайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, әскери қызметкерлер келесі кездесуде қаралатын мәселелер тізімін анықтаған. Келесі кездесу келесі аптада болуы мүмкін.

ТАСС дерегінше, диалог жақын күндерде жалғасуы мүмкін. Кездесу нәтижесіз өткен жоқ деп хабарланды.

Бұған дейін бірінші раунд келіссөздері жұма күні өткен. АҚШ өкілі кездесуді «нәтижелі» деп бағалағанымен, Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, нақты келісімге әлі қол жеткізілмеген.

 

评论