Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер АҚШ президенті Дональд Трамптың НАТО әскерлерінің Ауғанстандағы рөліне қатысты айтқан сөздерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sky news-ке сілтеп.
Ол Трамптың мәлімдемесін одақтастарды қорлайтын пікір деп бағалады.
Стармер Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен өткен келіссөздерден кейін Чекерс резиденциясында түнеп, 23 қаңтар күні таңертең Даунинг-стритке оралды. Кездесу барысында Гренландия мен НАТО мәселелері талқыланған. Осы уақытта Ұлыбритания қоғамында Трамптың сөздеріне байланысты наразылық күшейе түскен.
Қоғамдық резонансқа АҚШ президентінің НАТО күштері Ауғанстанда «алғы шептен сәл шегінген» деген мәлімдемесі себеп болды. Алайда Ауғанстандағы миссия барысында АҚШ азаматтары емес 1160 коалиция әскери қызметкері қаза тапқан. Олардың ішінде 457 британдық сарбаз бар. Мыңдаған әскери жараланып, кейбірі өмір бойына созылатын ауыр зардап шеккен.
Дереккөздердің айтуынша, Кир Стармер британдық қарулы күштердің абыройын қорғау үшін ашық мәлімдеме жасау қажет деп есептеген және Дональд Трамптан кешірім сұрауды күтіп отырғанын білдірген.