Осындайда “Жатпа, қазақ! Қазақтығыңды сақта, қазақ!”дегің келеді - Нұртөре Жүсіп

184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eGUa0CPH5MiyfGkqD2s0sXM7KFYlo6Qjiklq9su4.jpg
Таза Қазақстан таза ауадан басталады
Астанада - аяз! Әдемі аяз!
Осы күні қит етсе мит ететін жастар көбейді…
Бастауыш сыныптардың балалары сабақты онлайн оқиды осындайда..Дұрыс та шығар.
Бірақ 9-11 сыныптар мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері де сабақтан босатылуын қалай түсінуге болады?
Астана жылу беру жағынан ең күшті қала! Бар ғимарат жып-жылы!
Біз шыбық тимес шыңқылдақтар қатарын қолдан көбейтіп жатқан жоқпыз ба!?.
Өз басын қорғай алмайтын әлжуаз, желбуаз, шикі өкпе, шибұт жастар ертең Отанды қалай қорғайды!?.
Суыққа тоңып, ыстыққа күйіп шыңдалмаса!
Осындайда “Жатпа, қазақ! Қазақтығыңды сақта, қазақ!”дегің келеді!
评论