Бітім туралы бәтуа. Зеленский Трампқа жауап берді

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eUIbc91cLQX2bqWJc6sjSEkDafPOWh1LuarXB6Jb.jpg

Украина президенті Зеленский АҚШ президенті Трамптың «Украина Ресейге қарағанда бейбітшілікке аз мүдделі» деген сөзімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Ресейдің Украинаға жасап жатқан үздіксіз соққылары Мәскеудің ешқандай келісімге мүдделі еместігін көрсетеді.

15 қаңтар күні НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлескеннен кейін жарияланған видеоүндеуінде Зеленский Украина соғысты аяқтауға кедергі емес екенін айтты.

«Украина ешқашан бейбітшілікке кедергі болған емес және болмайды», – деді ол.

Бұған дейін Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында Украина Ресейге қарағанда бейбіт келісімге «азырақ дайын» екенін айтқан.

АҚШ-тың арағайындығымен жүргізілген келіссөздер неліктен соғысты тоқтатпағаны жөнінде сұраққа Трамп «Зеленский» деп қысқа жауап берген.

Зеленскийдің айтуынша, Ресейдің Украина энергетикалық инфрақұрылымына жасаған шабуылдары Кремльдің бейбітшілікке ұмтылмайтынын дәлелдейді.

«Ресейдің зымырандары, “Шахед” дрондары мен Украинаны жою әрекеттері – Ресейдің ешқандай келісімге мүдделі еместігінің айқын дәлелі», – деді Украина басшысы.

Ал Кремль өкілі Дмитрий Песков Трамптың сөздерімен келісетінін білдірді. Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин мен ресейлік тарап келіссөздерге ашық.

Сонымен қатар, Reuters агенттігі АҚШ барлау қызметіне сілтеме жасап, Ресей президенті Владимир Путин әлі де Украинаның бүкіл аумағын бақылауға алуды көздеп отырғанын хабарлады. 

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті бейбіт келісімнің жасалуына Мәскеу емес, Киевтің дайын еместігін айтып, пікір білдірген.

相关新闻

评论
相关新闻