Кремация. Экономика министрлігі жерлеу ережесіне жаңа талап енгізді

236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/319wa9ikDZuh66oak5uYnAhWWjrObtgWNK0x0nN2.jpg

Қазақстанда жерлеу және қабірлерді күтіп ұстау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы тиісті бұйрыққа қол қойды. Құжат 2026 жылдың 24 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды "Адырна".

Енді жергілікті атқарушы органдар аумақтың ерекшеліктерін, құрылыс жағдайын және тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау талабын ескере отырып, жерлеу тәртібін әзірлейді. Әрбір қайтыс болған адамға кемінде алты шаршы метр жер телімі бөлінеді. Жерлеу өлім туралы куәлік немесе кремация жөніндегі анықтама ұсынылғаннан кейін зиратта немесе колумбарийде жүзеге асырылады.

Кремация жасалған жағдайда күл марқұмның аты-жөні мен тіркеу нөмірі көрсетілген урналарға салынады. Колумбарийлер мен аза қабырғалары арнайы белгіленген аумақтарда санитарлық нормалар сақтала отырып орналастырылады.

Сондай-ақ құжатта туыстарының өтініші бойынша қос қабір қазу тәртібі, ерекше жағдайларда қайта жерлеу, қабірлерді белгілі бір тереңдікпен жобалау және олардың арақашықтығы, сондай-ақ абаттандыру талаптары - ескерткіш, гүлзар және орындық орнату ережелері де реттелген.

Бұдан алдын Алматыда таяуда крематорий ашылатыны хабарланған болатын.

评论