Жаңа оқу жылынан бастап Hədəf Liseyi бірінші сынып оқушылары үшін орыс тіліндегі бөлімге қабылдауды тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Аталмыш лицей Баку қаласында орналасқан. Оның құрылтайшысы және директоры, доцент Шамиль Садиг бұл туралы жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында хабарлаған.
Директордың айтуынша, мұндай шешімнің екі негізгі себебі бар. Біріншісі - орыс бөлімінде оқуға қызығушылықтың төмендеуі, екіншісі - лицейдің әзербайжан және ағылшын тілінде білім беру моделіне көшуі.
Енді орыс тілі екінші шет тілі ретінде ұсынылады, ал оны оқуға қызығушылық білдірген оқушылар үшін барлық мүмкіндіктер сақталады.
«Біз білім беру приоритеттерімізді қайта қараудамыз. Жаңа модельіміз әзербайжан және ағылшын тілдеріне негізделген», – деді Шамиль Садиг.
Сондай-ақ, орыс бөлімінде қазір оқып жүрген оқушылар бұрынғыдай өз оқуын жалғастыратыны айтылды.