Қала аумағындағы қоймалардың бірінде өрт шықты

184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T9iQ2FsYJZrI4hdTmLvUuxHD88ImD8ymbQmqXvIo.webp

Астанадағы қоймада шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, өрт Сарайшық ауданындағы Шарбақты көшесіндегі бір қабатты қойма шатырынан шыққан. 

Қаза болған немесе жарақаттанғандар жоқ. Қызметкерлер оттың негізгі ошақтарына жету және одан әрі таралуын болдырмау үшін шатырды ашу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда.

«Өрттің алдын алу үшін орында екі өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылған. Жұмысты ғимараттың конструктивтік ерекшеліктері мен жоғары өрт жүктемесі қиындатып отыр», – деді ТЖМ өкілдері.

评论