«Адырна» ұлттық порталының ұжымы Гүлсім Әсетқызына көңіл айтады

514
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LYKsyxxsSlMHHkXjbglLZwatsEEKZBCD8GAnSQoE.jpg

«Адырна» ұлттық порталының есепшісі Гүлсім Әсетқызының анасы Рахила Хасанова 97 жасында өмірден өтті. Осы ауыр қазаға байланысты портал ұжымы әріптесіміз бен оның отбасы мүшелеріне қайғыра көңіл айтады.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынында туған тыл ардагері ұзақ ғұмыр кешіп, артында өнегелі ұрпақ, ізгі із қалдырған ардақты ана, қадірлі әже болды. Оның өмір жолы – адал еңбек пен сабырдың, адамгершілік пен парасаттың айқын үлгісі болды. Осындай ардақты жанның өмірден өтуі – отбасы үшін ғана емес, оны таныған жандар үшін де орны толмас қаза.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағын торқа болсын!

评论