Атырауда үш адам газдан уланып көз жұмды

322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GTtEpfatT0Xq0c5J5GHMzyc0feo9Y1dvnCySP1wI.webp

28 желтоқсанда Атырау облысы Томарлы ауылында 3 адам газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға шамамен сағат 13:40-та болған. Басылым мәліметінше, жекеменшік үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш адамның өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп болған.

Қазіргі уақытта болған жағдайдың нақты мән-жайы анықталып жатыр.

评论
其他材料